Республикалық балалар ән байқауында Сезім Қаһарман жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының «Көңілді ноталар» балалар ән үйірмесінің мүшесі Сезім Қаһарман ҚР Тұңғыш Президенті қоры мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен үстіміздегі жылдың 24-26 қазан күндері Алматы қаласында өткен, «Жандану әлемі» қорының бірегей жобасы саналатын республикалық «Бала дауысы» байқауына қатысқан еді. Жетекшісі – орталықтың бөлім басшысы Есмұрзаева Бағдагүл Сайынқызы.





