Үстіміздегі жылдың 1-8 тамыз күндері Өзбекстан мемлекетінің астанасы Ташкент қаласында 13 жасқа дейінгі оқушылар арасында шахматтан өткен Әлем чемпионатының блиц түрінен жерлесіміз, Ж.Әбдірашұлы атындағы №62 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Ақылжан Мейірханұлы мемлекетіміздің атынан қатысып, жекелей сында жүлделі ІІІ орынға ие болды. Бұдан бөлек осы әлемдік шахмат жарысының рапид түрінен V орынға табан тіреді.
Ақылжан бұған дейін өз қатарластары арасында талай республикалық жарыстарда топ жарып, жақында ғана маусым айының 9-19 күндері аралығында Алматы қаласында жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында ел командасының сапында командалық есепте 2 алтын медаль еншілеген болатын.
Баласының жастайынан осы спортқа бейімін байқап, белін буған әкесі Мейірхан Бармағамбетов бүгінде Ақылжанның бапкері ретінде талай додаларға қатыстырып жүр.
Арал ауданы әкімдігі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<