«Тобыл» клубы мен Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы Николай Жуков 26 жасқа қараған шағында көз жұмды, – деп хабарлайды Sputnik.kz қостанайлық команданың ресми саитына сілтеме жасап. Соңғы кездері Николай жілік майы дертімен күресті. 31 тамыз күні кешке футболшының жүрегі тоқтады.
«Николай Жуков бірнеше маусымды «сары-жасылдардың» қосалқы құрамында өткізді. Қазақстанның жастар құрамасында болды. «Тобыл» футбол клубы Николайдың отбасына, жақындары мен достарына қайғырып көңіл айтады», – делінген қазанамада.
«Тобылдың» экс-ойыншысына үш жыл бұрын қан қатерлі ісігі деген диагноз қойылған.





