Жас суретшілер сайысы

619

0

Жас суретшілер сайысы Қалалық білім бөлімінің қосымша білім беру орталығында   «Кәусар» мамандар орталығы» қоғамдық бірлестігі суретшілер сайысын ұйымдастырды. Байқауға 7-14 жас аралығындағы жас суретшілер қатысты.

Мұнда қатысушылар қылқаламнан шеберлігін шыңдап, шығармашылық шабытқа бөленді. Тақырыпқа сай картиналар салды. Шара соңында жас суретшілер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.