«Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы нәтижесінде 4 күнімен барлығы 264 түрлі әкімшілік хаттамалар рәсімделсе, 4 жасөспірім ішкі істер органдарының есебіне алынды, қадағалаусыз және панасыз қалған 2 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жатқызылды.
Әкімшілік кодексінің 127-бабы бойынша, ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін барлығы 30 ата-анаға хаттама толтырылды.
Кодекстің 132-бабы (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру)- 6, Кодекстің 423-1-бабы (Жиырма бір жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын сату) бойынша 1 құқық бұзушылық анықталды.
Кодекстің 434-2-бабы (ортақ пайдаланатын орындарды ластау) бойынша 3 құқық бұзушылық анықталды.
Ал, кодекстің 435-бабы (кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық) бойынша 7 дерек анықталып, олардың заңды өкілдеріне хаттама толтырылды.
Кодекстің 437-бабы (түнгі тыныштық бұзу) бойынша 1 және 449-бабы (қоғамдық орындарда тиісу) бойынша 3 кәмелетке толмаған анықталып, оларға әкімшілік хаттамалар рәсімделді.
Сондай-ақ, кодекстің 442-бабы (сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін кәмелетке толмағандар түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуы және сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болуы) бойынша барлығы 211 кәмелетке толмаған анықталып, олардың заңды өкілдеріне хаттама толтырылды.
Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі өздерінің міндеттерін орындамайтын, олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдерінің профилактикалық есебіне 10 ата-ана алынды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<