Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында рейд жүргізілді

118

0

Фото: Сырдария ауданы әкімдігі

Бүгін аудан көлемінде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.

Рейд жұмыстарына аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушев, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірге білім беру ұйымдарының өкілдері атсалысты.

Іс-шара барысында түнгі уақытта ойын-сауық орындары, саябақтар мен қоғамдық демалыс аймақтары тексерілді. Сонымен қатар, ата-аналар мен жасөспірімдерге құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Айта кету керек, мұндай рейдтік жұмыстар тұрақты түрде жалғасын табуда. Барша ата-аналарды балаларының қауіпсіздігіне мұқият болуға шақырамыз.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<