Бүгін аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Алиевтің төрағалығымен Қазалы ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Комиссия отырысының күн тәртібіне екі мәселе ұсынылып, тиісті сала басшылары мен мамандарының баяндамалары тыңдалды.
Күн тәртібіндегі екі мәселе бойыншада аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция тобының аға инспекторы Мархаббат Бегалиева баяндама жасады. Алдымен бірінші мәселе – аудандық полиция бөлімі тарапынан балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар жайында айтып өтті.
Мархаббат Төлепбергенқызы мұнан соң 2024 жылдың 12 айындағы және 2025 жылдың 2 айындағы кәмелетке толмағандармен жасалған және оларға қатысты жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы хабарлама жасады.
2025 жылдың 2 айында аудан көлемінде кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдердің ата-аналары немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі мерзімде жүруі бойынша 67 дерек анықталып, олардың заңды өкілдеріне ескертулер жасалған. Сондай-ақ есепті мерзімде құқық бұзушылық жасағандары үшін аудандық полиция бөліміне 90 кәмелетке толмаған жастар жеткізіліп тиісті шара көрілген.
Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Алмасұлы комиссия жұмысының басты міндеті кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету алдында тұрған басты міндеттерден тұратынын атап өтті.
Сонымен қатар, тиісті сала басшыларына жасөспірімдердің қатысуымен болатын құқық бұзушылықты болдырмау, алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту керек екенін жеткізді.
Қазалы ауданы әкімдігі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<