Жасөспірімді қағып, оқиға орнынан кетіп қалған жүргізуші ұсталды

540

0

Қызылордада көлігімен жасөспірімді қағып, оқиға орнынан бой тасалаған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға облыс орталығындағы Қорқыт Ата және Ыбырай Жақаев көшелерінің қиылысында болған. Жаяу жүргіншілер өткелінен өтпекші болған жасөспірім қызды қағып кеткен жүргізуші автокөлігімен оқиға болған жерден бой тасалаған. Жарақаттанған жасөспірім ауруханаға жеткізілді.

«Бұл оқиға бойынша облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы тарапынан іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде «Mitsubishi Galant» үлгісіндегі автокөлік жүргізушісі ұсталды. Заң бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің екі бабы бойынша, яғни 610-бабының 2-бөлігімен және 611-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<