«Жастар театры» музыкалық-лирикалық қойылымды сахналады

376

0

Фото: Сырдария ауданы

Кеше аудан әкімі Берік Сәрменбаев ауданға алғаш рет гастрольдік сапармен келген Қызылорда қалалық «Жастар» театрының «Сезімді қайтейін?» музыкалық-лирикалық қойылымын тамашалады.

Қойылымда жас өнерпаздар махаббат, достық, сыйластық тақырыбында өнерлерін көрсетіп, сазды әндерді шырқады. Жастар сахнада өз рөлдерін жоғары деңгейде сомдап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Қойылымнан соң аудан басшысы «Жастар» театрына шығармашылық табыс тіледі.

«Жастар театры» музыкалық-лирикалық қойылымды сахналады

– Биыл облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың бастамасымен өңірде «Руханият жылы» деп жарияланды. Айтулы жыл аясында мәдениет пен өнер саласына зор қолдау көрсетілуде. Атап айтқанда, 1000 орындық «Өнер орталығы» пайдалануға берілді. Мүмкіндігі шектеулі өнерпаздардың «Инклюзивті театры» құрылды, «Жыраулар үйі» ашылады. Аймақтағы 7 ауданда заманауи «Руханият орталықтары» салынуда. Балалар мен жасөспірімдерді өнерге баулып, шығармашылығын шыңдайтын «Шығармашылық академиясы» бой көтеруде. Бұған дейін 10 жылға жуық үйірме ретінде жұмыс жасап келген «Жастар театры» кәсіби ұжым болып өнер көрсете бастады. Міне, бүгін «Жастар» театры ауданға алғаш рет гастрольдік сапармен келіп, жас буын өкілдеріне ой салатын қойылым қойды. Көптеген туындыларды сахналап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп келе жатқан ұжымға шынайы алғысымды білдіремін, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Аудан әкімі қалалық «Жастар» театрының директоры Нұрмат Мансұрға «Алғыс хат» табыс етті. Өз кезегінде Н.Мансұр жуырда ғана ұжым ретінде өнер көрсете бастаған театрға қолдау көрсеткен сырдариялықтарға ризашылығын жеткізді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<