Бүгін Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Қызылорда қалалық «Жастар театры» Нұрдәулет Баймаханның «Сезімді қайтейін» атты музыкалық-лирикалық қойылымын сахналады.
Театр ұжымының қойылымын аудан тұрғындары, аудан жастары тамашалады.
«Театр – өнер мешіті» деген теңеу бар. Рас, театр – мәдениеттілікке, имандылыққа бастайтын баспалдақ, алтын көпір екені даусыз.
Жас драматург Нұрдәулет Баймаханның «Сезімді қайтейін» атты музыкалық-лирикалық қойылымы қос ғашықтың баянсыз махаббатына құрылған, музыкалық және поэзиялық диалогтар үйлесімін тапқан ерекше махаббат көрінісі.
Қалың көрерменнің театр ұжымына қошеметі қойылымның жоғары деңгейде өткенін қуаттайды. «Жастар театрының» алдағы спектакльдеріне толағай табыс тілейміз.
Жалағаш ауданы әкімдігі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<