Үшіншісі – қыркүйек айында Шымкент қаласында еңбекші жастардың форумын өткізу. Форумға 2 мыңнан аса адам қатысады, іс-шара бюджеті – 50 млн теңге.
Тағы бір форум Қостанайда өтеді. Оған да 50 млн теңге жұмсалады. Қазақстан-Ресей жастар ынтымақтастығы форумы деп аталатын бұл іс-шара 2019 жылдың ІІ тоқсанында өтеді. Ассамблея да жастарға арналған іс-шара ұйымдастырады. «Жастар синергиясы» деп аталатын форумға ел қазынасынан 25 млн теңге бөлінген екен.
Төртінші кварталда Жастар жылының жабылуы шеңберінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңесі өтеді. Оған болса 100 млн теңге жұмсалмақ. Қаулыны іске асыру Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігіне тапсырылған.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті 2019 жылды Жастар жыл деп жариялаған еді. Оның ашылу салтанаты 23 қаңтарда Астанадағы EXPO-2017 көрме орталығындағы «Нұр Әлем» павильонында өтті.
Дереккөз: massaget.kz





