Жастардың бастамалары қолдау тапты

242

0

  Биыл облыстық жастар ресурстық орталығында «Жастар продюсерлік және дыбыс студиясы» ашылды. Студияны ашудағы мақсат-жастардың шығармашылығын дамыту және сыр жастарының имиджін қалыптастыру. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Бауыржан Мастеков мәлімдеді.
– ІТ парк аймағында жастар 3D студиясы , графикалық станция , 3D сканер,трекерлер бағдарламаларымен жұмыс жасауға үйретуде. Қазіргі таңда 70-ке жуық жас өз білімдерін дамытуда. Сонымен қатар, коворкинг залында жастардың қатысуымен спорт түрлерінен: шахмат, шашка, тоғызқұмалақ, үстел теннисі , әр түрлі бағыттағы ойындар және психологиялық тренинг сағаттары, арт-терапия жұмыстары жүргізілуде, – деді Бауыржан Қайырбекұлы.
Мұнан өзге, биыл Сыр жастарының қоржыны тағы бір жеңіспен толықты. Республикалық «Көңілді тапқырлар алаңы» телевизиялық жобасында Сыр елінің намысын ақтық мәреге дейін жеткізген «Қорқыт құрамасы» чемпион атанды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<