«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық», Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» және Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» шығармалары бойынша балалар кітапханасында «Қаламгерлер мұрасы-халық қазынасы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – жастарды адамгершілікке баулып, отаншыл рухта тәрбиелеуге, ана тілін құрметтеуге, оқу мәдениетін дамыту мен сауаттылығын арттыруға бағытталған. Көрмеге қатысқан жасөспірімдер өзіндік ой – қиялына ерік бере отырып, шығармашылықпен жұмыс жасаудың тамаша көрінісінен әсер алып, рухани мұраны сақтаудың маңыздылығын ұғынды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<