Жастарды жұмыспен қамту қандай деңгейде?

541

0

Жастарды жұмыспен қамту мәселесі назарда. Биыл 312 жас облыс көлеміндегі 12 құрылыс нысанына жұмысқа орналасты.

Олар «Жас құрылысшылар» еңбек жасағының қатарына кірген. Араларында 6 провация тізіміндегі жас пен 18 балалар үйінің түлегі бар. Ресей Федерациясы бюджеті есебінен Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларындағы ЖОО-ны техникалық мамандықтар бойынша тәмамдаған 37 жас та өндіріс орындарына жіберілді. 

Сонымен қатар жастардың тың тәжірибені игеруіне де күш салынуда. Мәселен, жуырда олар облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ РЕКРУТИНГ ЖӘНЕ БИЗНЕС ИНКУБАТОР бөлімінің қолдауымен ұйымдастырылған өзін-өзі дамыту шараларына қатысты. Оның ішінде түрлі дәмділерді дайындау, сұраныстағы бет әрлеуші мамандығын игеру және маркетингтің қыр-сырын меңгеру бар. Нәтиже көңіл көншітерлік. Мұндай жүйелі іс алдағы уақытта да жалғасын табады.

 

Мөлдір ҚАЛЫМБЕТ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<