Жастардың жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай Қазалы ауданындағы мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында «Жастардың көсемі – Ғани» атты ХХІ ғасыр көшбасшысы интеллектуалдық сайысы өтті.
Сайысқа Ғани Мұратбаев атындағы №17 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кенжалиева Айнұр, Қалалық Балалар Кітапханасының меңгерушісі Мырзалиева Толқын, «Қалалық Жастар Ресурстық Орталығының» директоры Ақманбетов Нұрбек қазылық жасады. Сайыс 4 кезеңнен тұрды: Ғани Мұратбаевтың өмірі мен қоғамдық қызметі, Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейі, ағаға арналған шығармалар, өлеңдер және қанатты сөздері.
Шараның мақсаты оқушыларға Шығыстың жарық жұлдызы атанған ұлтымыздың ұлы тұлғасы Ғани Мұратбаев өмірінен, елге сіңірген еңбегі туралы сұрақтар қойып, логикалық ойлау жүйесін арттыру, жан – жақты білімді, дарынды, озық болуларына баулу және көшбасшылық қабілеттерін ояту.
Сайыс нәтижесінде ең көп ұпай жинаған №165 мектептің оқушысы Әбдінағи Жаннұр жеңімпаз деп танылса, №216, №249 мектептің оқушылары Шынбай Әсел және Бүркітбай Зарина ІІ, ІІІ орынды иеленді. Барлық қатысушылар арнайы алғыс хат және сыйлықтармен марапатталды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<