Жастарға бағытталған жобаның жемісі

443

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

“Zhas Project” жобасы жастарға үлкен мүмкіндік. Себебі, ойда жүрген кәсіпті немесе әлеуметтік жобаларды осы жоба арқылы іске асыра алады. Бүгінде жастардың қызығушылығы да айтарлықтай артып келеді.

Бұл жобаға қатысуға биыл облыс бойынша 331 өтініш келіп түссе, 86 өтінім техникалық іріктеуден өткен. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған 14 жастың жобасы жеңімпазы атанды. Байқаудың барысы жайында Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында жобаның облыс бойынша тәлімгері Әкімбек Әлібек пен жоба жеңімпазы Фарида Төлеш айтып берді.

– «ZHAS PROJECT» жобасы – жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік проблемаларын шешуге бағытталғанын атап өткен жөн. Тиісінше, ғылыми зерттеулер жүргізу, тұрғын үй, жер учаскесі және автокөлікті сатып алу немесе жалға алу және байқау шарттарына теріс әсер етуі мүмкін жобалар қабылданбайды. Көптеген жобалардың ішінде үздік атанған 14 жоба өздерінің әлеуметтік жобасын іске асыру үшін 1 млн теңге көлемінде шағын грант алды”, – деді Әкімбек Мұратбекұлы.

Ал Фарида Төлешті байқау жеңімпазы қылған жартылай фабрикат шығару жобасы. Брифингте ол осы бағыт бойынша жұмысын жалғастыратынын жеткізді.

– Жобадан алған әсерім шексіз. Жеңімпаз атанған 14 үміткердің қатарынан табылғаныма қуаныштымын. Байқау қорытындысы шығам дегенше күн өтпей қойды. Жақсы жаңалықтан үміт үзбедім. Үздік деп танылғанымды мақтан тұтамын. Мен негізі медицина саласының қызметкерімін. Бірақ қазірде мамандық бойынша жұмыс жасамаймын. Осы жартылай фабрикат шығару жобасын одан әрмен жалғастыру жоспарымда бар”, – деді Фарида Бақытжанқызы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<