Жастарға берілген мол мүмкіндік

143

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Мемлекеттік гранттан қапы қалған жастар үшін жағымды жаңалық. 2024-2025 жылдарға жасалған облыстың еңбек ресурстарының балансына сәйкес мамандар тапшылығын және алдағы уақытта өңірде жүзеге асырылатын бірқатар инвестициялық жобалардың іске қосылатынын ескере келе 2024-2025 оқу жылына 100 маман, атап айтқанда, медициналық мамандықтарға – 15 грант, су ресурстарын басқару, экология және табиғатты пайдалану мамандықтарына – 6 грант, құрылыс және тау-кен ісі мамандықтарына – 6 грант, агрономияға – 6 грант, инженерлік мамандықтарға – 14 грант, өнер мамандықтарына – 15 грант, мал шаруашылығы мамандықтарына – 13 грант, азық – түлік өнімдерін өндіру және көлікті пайдалану технологиялары мамандықтарына – 23 грант, дінтану мамандықтарына – 2 грант даярлау жоспарланды. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев мәлімдеді.

– Жоспарланған 100 мамандықты даярлау үшін жоғары оқу орындар арасындағы бөлініс келесідей: 55 грант – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, 10 грант Қызылорда «Болашақ» университеті, 5 грант Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы, 13 грант – Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті, 7 грант – Қарағанды медицина университеті, 8 грант С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, 2 – грант Нұр-Мүбарак Египит Ислам мәдениеті университетіне берілді.

Облыс әкімі гранты Қызылорда қаласы мен аудандар арасында халықтың санына және сұраныстарына қарай бөлінді, атап айтқанда:

Арал ауданы бойынша – 8, Қазалы ауданы – 7,Қармақшы ауданы – 10, Жалағаш ауданы – 5, Сырдария ауданы – 4, Шиелі ауданы – 9, Жаңақорған ауданы – 9, Қызылорда қаласы – 48 грант.

Өздеріңізге белгілі, мемлекеттік грант конкурсына талапкерлерден өтінім қабылдау шілдеде аяқталды. Конкурс нәтижесі тамыз айының басындажарияланады.

Мемлекеттік грантқа іліге алмай қалған әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал топтарынан шыққан талапкерлер облыс әкімінің грантына үміткер бола алады», – деді Ғабит Жұмабекұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<