Қызылорда облысы Байқоңыр қаласында қатты тұрмыстық қалдықтардан қайталама шикізатты алып, кеспекше мен қожбетон блогын өндірілуге жаңа жабдықты сатып алу үшін «GREENORDA PROJECT» ЖШС-ның инвестициялық жобасы іске асырылады. Байқоңыр ҚТҚ полигонының аумағында орналасатын бұл жоба туралы «Жасыл даму» АҚ инвестициялық жобалар қызметінің басшысы Серікбол Қалиақбаров мәлімдеді.
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің инвестициялық штабының кезекті отырысында Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Төретам кентінде қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және құрылыс қалдықтарын қайта өңдеу жөніндегі инвестициялық жоба мақұлданды. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-да құжаттарды қалыптастырудың 1-кезеңінен өтті және индикативтік шарты жасалады.
Жобаның қуаты жылына 65 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуге және құрылыс қалдықтарын сұрыптауға мүмкіндік береді. Байқоңыр ҚТҚ полигонының аумағында орналасатын кәсіпорында 36 жұмыс орны ашылады. ҚТҚ полигонына арналған жер учаскесінің жалпы ауданы 124,8 га немесе 1 248 000 м2 құрайды. Оның ішіндегі 4 га алаңға әкімшілік-шаруашылық ауласы және әкімшілік ғимарат, күзет пен тамақтану бөлмесі сияқты басқа да құрылыстар орналасады.
Жобаның жалпы құны 560, 2 млн. теңге болса, «Жасыл даму» АҚ «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы оның 504,2 млн. теңгесін бөледі. Қалған сома инвестордың өз қаражаты есебінен жүргізіледі.
Осыған дейін «Жасыл даму» қаржысына жаңа автобустар сатып алынғаны туралы жаздық.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<