«Жасырын табыс көзі»: Қазақстанда «шалқығандар» мен «шекесі қызғандар» қай өңірде көп?

110

0

Коллаж: Оrda.kz

Жұмыс істеп жүрген әрбір үшінші қазақстандық бейресми жұмыс істейді. Зерттеулерге қарасақ келісімшартсыз-ақ қолма-қол ақша алатындар және кәсібін жасыратындар бар, деп хабарлайды Orda.kz.

Energyprom ақпараттарына сүйенсек, «Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы мен жұмыспен қамту ерекшеліктері» тақырыбында Adam Research жүргізген зерттеуде респонденттердің 36,4%-ы өз табысын жасырып, ресми еңбек келісімшартын жасаспай-ақ жұмыс істей береді. Осыдан олардың әлеуметтік кепілдіктері, еңбек құқықтарының бұзылуы болып болмаса тіпті зейнетақы қорында жинақ жоқ болуы да мүмкін.

Бұл көрсеткіштің басым бөлігі, яғни 16,6%-ы, «қолма-қол ақша» алып жұмыс істейтіндер. Бұл сандар ерлер мен әйелдер арасында тең деңгейде. Бұдан бөлек, респонденттердің 13,6%-ы «жасырын кәсібін» жүргізеді.

Ал 6,2%-ы құжатсыз-ақ әйтеу табылған бір жұмыстарды істей береді. Бейресми жұмыспен айналысатындардың басым бөлігі жастар мен зейнеткерлер.

Зерттеулерде бейресми жұмысты ең көп істейтін өңірлерді анықталды. Оңтүстік өңірлерде, атап айтқанда Түркістан және Алматы облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында бейресми экономикада жұмыс істейтіндердің үлесі 30%-дан асады. Бұл жағдайдың себебі — ауыл шаруашылығы, шекаралық сауда және этникалық жағынан аз ұлттардың көп болуы сияқты факторлар. Ал Шығыс Қазақстан, Ұлытау және Ақтөбе облыстарында бейресми жұмыспен қамту көрсеткіші айтарлықтай төмен — 20%-дан аз.

Зерттеуде бейресми экономикадағы адамдардың әлеуметтік-демографиялық ерекшеліктері туралы да мәліметтер келтірілген. Мұндай адамдардың көбі орта арнаулы білім немесе мектеп білімі бар. Олар мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Бейресми жұмыскерлердің табысы әр түрлі болады: қолма қол жалақы алушылар айына 100 мың теңгеге дейін табыс табады, ал «жасырын кәсібі барлар» одан әлдеқайда көп табыс табады. Мысалы, олардың 20,5%-ы айына 600 мың теңгеден жоғары табыс алады.

Дегенмен, бейресми жұмыспен қамту қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етпейді. «Қолма-қол ақша» алып жұмыс істейтіндердің 26,8%-ы қажеттіліктеріне де жетпейтінін айтады. Тек 9,4%-ы ғана «қалтадағы» табысымен негізгі шығындарын өтеуге және жинақтауға шамасы жетеді. Ал «жасырын кәсіпкерлердің» жағдайы жақсырақ. Олардың 19,7%-ы шалқып, «мұртын балта шаппай» өткізсе, 13,9%-ы негізгі шығындарды төлеуден бөлек, қаражат жинауға да үлгереді.

Ұлттық статистика бюросы мәліметтеріне қарасақ, 2023 жылы Қазақстанда 1,2 миллион бейресми жұмыспен қамтылған адам тіркелген. Олардың көбі (682,5 мың адам) ресми кәсіпорындарда еңбек келісімшартынсыз жұмыс істейді, бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 3,6%-ға өскен.

Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова бейресми жұмыспен қамтуды еңбек нарығының екінші басты проблемасы деп санайды.

«Өткен жылы Ұлттық статистика бюросы Қазақстандықтардың еңбек ақылары бойынша 38 трлн теңге көлемінде қор есеп берген болса, зейнетақы жарналарынан бар болғаны 20 трлн теңге түсті», – деп атап өтті министр.

Сонымен қатар, ол Қазақстандағы еңбекақы үлесі дамыған мемлекеттерге қарағанда әлдеқайда төмен екенін мәлімдеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<