«Жатақханадан шығып, қоқысты жәшікке лақтырған». Көкшетауда студент қыз жоғалып кетті

567

0

Фото: pixabay.com

Ақмола облысында жоғалған 16 жастағы студент қыз іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биыл 1 маусымда Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыстық орталық колледждерінің бірінде оқитын студент Анна Писареваның жатақханадан белгісіз бағытта кетіп, қайтып оралмағаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Осы факті бойынша жедел-тергеу тобының шығуы дереу жүзеге асырылды, ал жоғалған адамды іздестіру үшін полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта криминалдық полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторлардың жоғалған студенттің орналасқан жерін анықтау үшін жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Полицейлер шаруа қожалықтарын, қараусыз қалған құрылыстарды, құрылыс алаңдарын, саябақтарды, кәріз коллекторларын, гараж кооперативтерін, саяжай массивтерін, өзендер мен су айдындарының жағалау аймақтарын, қонақ үйлерді, жалдамалы пәтерлерді, сауда орталықтарын, түнгі клубтарды және басқа да орындарды тексеріп жатыр.

Сонымен қатар куәгерлерден, соның ішінде қоғамдық көлік жүргізушілерінен, жеке тасымалдаумен айналысатын таксилерден сұхбат алынып жатыр.

«Жатақханадан шығарда студент футболка, спорттық шалбар, кроссовка киген, барлығы қара түсті, ерекше белгілері жоқ. Бойы 155-160 см, дене бітімі нәзік, қысқа шашты. Қыз жатақханадан шығып, қоқысты жәшікке лақтырып, телефонмен сөйлесіп колледжден тыс жерге кеткені белгілі. Жоғалған адамды көргендердің барлығына дереу 102 нөмірі бойынша полицияға хабарласуын сұраймыз», – делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<