ЖАУАПТЫЛАР ЖАЗАСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

286

0

ЖАУАПТЫЛАР ЖАЗАСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысында 12 мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – Қызылорда облысының мә­дениет, архивтер және құ­жаттама басқармасының мем­ле­кеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары бұзу­шы­лықтарының профилактикасы бағытында атқарған жұмыстары туралы басқарма басшысы М.Әбуова хабарлама жасады.
Басқарма басшы­сының айтуынша, облыстың мәдениет саласында 2017-2018 жылдары сыбайлас жемқорлық сипатындағы 2 факті орын алып, оған байланысты құзырлы орындар тара­пынан тиісті шешімдер қабыл­данған. Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында тұрақты түрде жеке қабылдаулар өткізіліп, азамат­тардың өтініштерін қарауға барынша мән беріліп отыр.
Кеңес басқарма басшы­сының хабарламасын назарға ала отырып, салада сыбайлас жемқорлық көрі­ністерінің себептеріне тал­дау жүргізіп, атқарылған шаралар жайлы Әдеп жөніндегі кеңеске ақпарат беруді тапсырды.
Келесі мәселе – Қызылорда облыстық білім басқармасына қа­рас­ты техникалық және кәсіп­тік білім ұйымдарының қыз­ме­тінде  жүргізілген сыбайлас жем­қорлық тәуекелдеріне сырт­қы талдау қорытындысы туралы болды. Бұл жөнінде облыстық білім басқармасының басшысы М.Мелдебекова баяндады.
2018 жылдың 12 қаңтары мен 15 ақпан аралығында  облыс­тық білім басқармасына қарасты техникалық және кәсіп­тік білім  ұйымдарының  қыз­метінде сыбайлас жемқорлық тәуе­келдеріне сыртқы талдау жұмыстары жүргізілгенін атап өткен басқарма басшысы, талдау барысында техникалық және кәсіптік білім басшылыққа алатын  нормативтік құқықтық актілерін іске асыру барысында кадр алмасушылық бойынша, оқуға түсу емтихандары кезінде, сондай-ақ,  қызметкерлерге сый­ақы немесе басқа да ынталандыру көмектерін беру барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеліп соғатын мән-жайлар анықталғанын атап өтті.
– Жүргізілген талдау кол­ледж­дердің  ұйымдас­тыру­шы­лық-бас­қару­шылық қызметінде белгілі бір сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар екенін байқатты. Нәтижесінде, қызметкерлерге сыйақы немесе басқа да ынталандыру көмектерін беру барысында ашықтықты қамта­масыз етпегені үшін оқу орындарындағы тиісті қыз­меткерлердің жауапкер­шілік­тері қаралып, бірқатарына колледж директорының бұй­ры­ғымен тәртіптік жаза­лар қолданылды, – деді М.Мелдебекова.
Бұл ретте  басқарма басшы­сының хабарламасын назарға ала отырып, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жоғары колледждер­де аралық емтихан мен оқуға түсу емтихандарын тапсыру барысында талапкердің аты-жөні көрсетілмей штрих код арқылы (ҚазМемЗаң уни­верситеті жоғары оқу орыны тәжірибесінде) тапсыру меха­низмін енгізуді қарас­тыруды, колледж қызмет­керлеріне сыйақы немесе басқа да ынталандыру көмектерін беру барысында теңділік және ашықтықты қамтамасыз ету бағытында шаралар қабылдау тапсырылды.
Осы талдамалық анық­тамада көрсетілген құқық­тық актілердегі қарама-қай­шылықтарды жою мақ­сатында Қазақстан Республи­касының Білім және ғылым ми­нистрлігіне тиісті өзгерістерді енгізу бойынша шара қабылдау қа­жеттігін алға тартты. Жалпы, колледждерге байланысты көп мәселе қозғалды. Әдеп кеңесінің төрағасы А.Мұхимовтың айтуынша, бүгінгі заман талабына қажетті мамандар даярлау ісінде нақты көңіл бөлуді қажет ететін көптеген мәселелер бар. Бұл тұрғыда кеңес мүшелері тарапынан білім басқармасының басшысына бірқатар ұсыныстар айтылды.
Сондай-ақ, күн тәртібінде қа­рал­ған Қармақшы, Шиелі ау­­дандары әкімдігінің тәр­тіптік комиссияларының жұ­мыс нәти­желеріне сәйкес атал­­ған  тәртіптік комиссиялары тара­пынан мемлекеттік қыз­мет­­шілерге тәртіптік жазаны қолдану кезінде Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген «Мем­лекеттік қыз­метшілерге тәр­тіптік жаза қолдану» Қағида­лары талаптарының қатаң сақ­талуын қамтамасыз ету назарға ұсынылды.
Кеңесте облыс бойынша экология депар­таментінің қызме­тінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау қорытын­дылары, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпора­циясы коммерциялық емес АҚ облыс бойынша филиалының мем­лекеттік қыз­мет көрсету сапасын көтеру және электронды қызметтердің үле­сін арттыру бағытында атқар­ған жұмыстары, Қармақшы, Шиелі аудандары әкімдігі және Қы­зылорда облысы бойынша қоғам­дық денсаулық сақтау депар­­таментінің тәртіптік комиссия­ларының жұмыс нәтижелері туралы да айтылды.
Бұдан әрі күн тәрті­біндегі мәселелер бойынша талдау нәти­желері назарға алынып, жауапты тұлғаларға тиісті тәртіптік шаралар көрілді.
  Ғ.ҚОЗЫБЕКҚЫЗЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<