Жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

199

0

Алдағы демалыс күндері елімізде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, – деп хабарлайды  «Қазгидромет».

«Қазақстанның көптеген облыстарында ауа-райын бұрынғыдай антициклон анықтайтын болады, ал Батыс Сібірден келіп жатқан суық ауа ағыны жауын-шашынсыз салқын ауа-райын, климаттық нормадан төмен температураны сақтап қалады», – делінген хабарламада.

Кей жерлерде жаңбыр дүйсенбі күні республиканың шығысында, сондай-ақ Ресейдің Еуропалық бөлігінен циклонның жақындауымен батыс облыстарында да күтіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<