Жауапты басшыларға тапсырма жүктелді

95

0

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесін жаңғырту, көлеңкелі экономиканы төмендету шаралары талқыланды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев  селекторлық режим арқылы қатысты. Отырыстан кейін осы және өзге де мәселелер бойынша сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.

– Жылдың аяқталуына аз уақыт қалды. Тиісті шаралар қабылданып, міндетті әлеуметтік-медициналық сақ­тандыру саласының негізгі нысаналы индикаторлары толық орындалуы керек. Арнайы санаттағы азаматтарды жұмыспен қамту, сақтандыру, жалпы әлеуметтендіру өте маңызды.

Президентіміз эко­номи­каға қауіп төндіріп, залал кел­­тіре­тіндердің жолын кесу шараларын үздіксіз жүр­гізуді тапсырғаны белгілі. Жос­­парланған жұмыс кө­лемінің нақты орындалуы, бюджет қар­жысының мақ­сатты пай­даланылуы бюд­жеттік бағ­дарлама әкім­ші­лерінің, «Бай­қоңыр» әлеу­меттік-кәсіпкерлік кор­по­рациясының, мемлекеттік кірістер, ішкі мемлекеттік ау­дит департаменттерінің ұда­йы бақылауында болуы тиіс.

Бюджеттік бағдарлама әкім­­шілері қаржы бөлін­геннен бастап түпкілікті нәти­жеге қол жеткізілгенге дейінгі іс-қимылдарды цифр­ландырып, оның ашық­ты­ғын қамтамасыз етуі керек. Тұрақты мониторинг жүргізіліп, бюджет қаржысы мақсатты жұмсалуы қажет.

Мемлекеттік кірістер де­­пар­таменті Қызылорда қа­ласы, аудан әкімдіктерімен бірлесіп, заңсыз айналым­дардың алдын алу шараларын күшейтіп, мем­ле­кеттік бюд­жетке түсе­тін түсімдер көлемін арт­ты­рыңыздар.

Жылу беру маусымының бас­талуына бір апта уақыт қалды. Өткен мәжілісте көмір қорын жасақтауды тап­­сырғанмын. Жылу беру маусымында қатты отын, көмір қорына қатысты ешқандай мәселе туындамауы тиіс. Көмір жеткізу, қажетті қорды жасақтау жұмыстарын күшейтіңіздер.

Биыл бюджеттен тұрғын үй құрылысы мен жеке са­лушылардан дайын 3800 пәтерді сатып алуға 58 млрд 785 млн теңге қаржы бө­лінді. Жаңа тұрғын үйлердің сапасына қатысты да еш­қандай мәселе болмауы тиіс, – деді Нұрлыбек Машбекұлы.