Жауын-шашын, жел: Қазгидромет 25 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды

228

0

Фото: Александр Павский/Kazinform

«Қазгидромет» РМК ел аумағында 25 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігіне оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер ететін болады. 

«Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, қатты жаңбыр мен бұршақ жауады. Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, су қар), республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жел соғады. Елдің батысында, солтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», — делінген ведомстводан.

Қызылорда облысының орталығында және Қызылорда қаласында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<