ЖАЙДАРМАН МАУСЫМАШАР – 2019

453

0

ЖАЙДАРМАН МАУСЫМАШАР - 2019 Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Қазақстан КВН» Одағының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 26 қыркүйек күні, сағат 19:00-де облыстық «Маусымашар -2019» жайдарман фестивалі өтті. Фестивальге өңіріміздегі барлық аудан жастарымен қатар, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студент жастарынан құралған, бас аяғы 30-ға жуық команда қатысты. Тартысты өткен кеште, қазылар алқасы жыл көлемінде өнер көрсететін (жоғары және премьер) лигаларға жолдама берді.