Жайдарманнан премьер лиганың ширек финалы өтті

278

0

 Жайдарманнан премьер лиганың ширек финалы өтті Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Қазақстан КВН» Одағының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 11 қараша күні, сағат 18:00-де А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде облыстық Премьер лигасының ширек финалдық сайыстары өтті.
Сайысқа өңіріміздегі барлық аудан жастарымен қатар, ЖОО мен ОАОО студент жастарынан құралған 15-ке жуық команда қатысты. Тартысты өткен кеште, үздік деп танылған командаларға қазылар алқасының шешімімен жартылай финалға жолдама берілді.