ЖАЙДАРЫ КӨҢІЛ СЫЙЛАҒАН «ЖАЙДАРМАН»

290

0

Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай «KIELI MEKEN – QYZYLORDA» атты халықаралық  «Жайдарман» фестивалі өтті. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты. Халықаралық шарада Түркіменстан, Қырғызстан, Қарақалпақстан және Түркия құрама топтары мен Қазақстанның 6 өңірінен келген құрамалар шеберлік байқасты.

Қазылар алқасы құрамында сатирик Көпен Әмірбек, «Республикалық радио» ЖШС бас директоры Мәди Манатбек, суретші Әлібек Қойлақаев, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ержан Байтілес және «Әзіл әлемі» театрының артисі Қанат Әлжаппаров, бокстан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев болса, кешті Қазақстан КВН Одағының президенті Есен Елеукен жүргізді.

Нәтижесінде үшінші орынды «Юсуф Мироғұлының қарындастары» (Алматы), екінші орынды – «Тұран» командасы (Қарақалпақстан), бірінші орынды «Миллион» құрамасы (Түркістан облысы) жеңіп алды. Сондай-ақ, «Үздік ойыншы» номинациясын Елжан Халиуллин («Грант» командасы, Батыс Қазақстан облысы) иеленді. Жеңімпаздарға диплом мен ақшалай сыйлықтар табыс­талды.

­

Маржан ӘШІРАПБАЕВА,

Қорқыт ата атындағы

ҚМУ студенті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<