Жаңғыруға жастар үлес қосады

405

0

Жаңғыруға жастар үлес қосады Кеше Қазалы ауданындағы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен  Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті жолдауын және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін жастар арасында кеңінен насихаттау және түсіндіру мақсатында жиын өткізілді. Шараны «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Олжас Ахметов ашып, жүргізіп отырды.

 Жиын барысында «Нұр Отан» Қазалы аудандық филиалының бірінші орынбасары Мәмбетжан Қасқырбек Өмірзақұлы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін жастарға насихаттап, ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекпанов Оразғали Достанұлы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы ХХІ ғасырдағы ұлттық сана жөнінде сөз қозғады. Сондай-ақ, Қазалы аудандық мәслихат депутаты Бауыржан Ізмағанбетов «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының кезекті жолдауын талқыласа, Қазалы ауданы бойынша ұлтаралық қатынастар жөніндегі сарапшысы Светлана Крюгер Қазақстан халқы Ассамблеясы жөнінде таныстырды. Жиын соңында жастар ұсыныс пікірлерін жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<