Жаз мезгілінде қалай дұрыс тамақтанған жөн – дәрігер кеңесі

381

0

Сурет: pixabay

Ресейлік эндокринолог Наталья Тананакинаның айтуынша, аптап ыстықта адам ағзасындағы су қорын үнемі толықтырып отыру маңызды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«РИАМО» басылымына берген сұхбатында ол жаз айларында ағзадағы судың қажеттілігі жоғарлайтынын атап өтті. Сондай-ақ, сағатына шамамен 0,2 литр су ішуді ұсынды.

Оның айтуынша, жаз мезгілі денені қалыпқа келтіруге ең оңтайлы уақыт. Күннің ұзақтығы мен ауа температурасының жоғарылауы метаболизм процестерін жеделдетуге көмектеседі, бұл суық мезгілмен салыстырғанда тағамға деген қажеттілікті азайтады.

Сарапшы йогурт, айран және сүзбе сияқты ашытылған сүт өнімдері жазғы диетаның маңызды бөлігі болып табылатынын айтты. Сондай-ақ, аптап ыстықта ас қорту жүйесі жақсы жұмыс істеу үшін күніне аз мөлшерде 5-6 рет тамақтануға кеңес берді.

Оқи отырыңыз: Дәрігер көзді күн сәулесінен қалай қорғауға болатынын айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<