Жаз жайнатып, күн күлдірген Шығыс өңіріндегі демалыс

305

0

  Елбасымыздың  Болашаққа  бағдар:  «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасы  аясында  04.11.2018 ж. күні  Қызылорда облысының білім басқармасының қарасты  Отбасы үлгісіндегі   балалар  ауылының тәрбиеленушілері   Өскемен  қаласындағы  «Үміт»  балалар  үйімен  «Достық көпірін» орнатқан болатын.

Міне,  сол көпірдің жалғасы 27.06.2019ж. күні тәрбиеленушілеріміз Өскемен қаласының  шақыртуына ие болды. Оқуды аяқтап, өзге жерде қатарластарымен демалған балалардың қуанышында шек жоқ. Тоғыз ай білім нәрімен сусындап, көктем лебімен түлеп, жадыраған жазға жеткен ұл мен қыз бұдан кейін көзайым болар лагерьде достарымен қатар жүріп демалуды ойлайды. Соның әдемі көрінісі, 297 жыл тарихы бар өлкеміздің орталығы әсем де көркем  Өскемен қаласындағы  «Царская долина»  лагерьлерінде  өтті.

  «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері  балаларымызды жылы жүзбен қарсы алып,  көңілді кеш  сыйлап, балаларымызға ерекше әсер қалдырды.

Сонымен  қатар,  балаларымыз  Шығыс  Қазақстаннның  көрікті жерлеріне саяхатқа шығып, сан ғасырлық тарихи бар  жерлерімен танысты.

 Айтар болсақ,   Шығыс Қазақстан  облысының  Күршім  ауданына  барып,  Ертіс өзені  жағажайында  демалып, суға  түсіп, ән  айтып, би  билеп, соңы  алау  жанындағы әдемі  кешпен  аяқталды.  Осы жерде  2  күндік    керемет  демалыс  сыйлағын  Күршім  ауданының  әкімі  Дулат  Зайсанбекұлының  балаларға жасаған сый-құрметін ерекше  атап кетуге болады.

 Балаларымыздың қуанышында шек жоқ. Өздерінің лагерден алған әсерлерімен бөліскен Сартова  Ақмарал Өскемен қаласына  барып, жаңа достар тауып, демалысын тамаша өткізгенін жасырмады.

Бұған дейін түрлі лагерьлерде демалып жүрдім. Өскеменге бірінші рет шығуым. Барлығы ұнады. Жаңа достар таптым. Бұл жақтың табиғаты тамаша. Естен кетпес демалыс болды.

 Өскемен қаласынан 25 шақырым жердегі Ульбинка өзені жағасында орналасқан көрікті де экологиялық таза аймақта орналасқан «Дарын» лагерінде балаларымызды қарсы алып, өздерінің қызықты бағдарламалрымен балаларымыздың уақытын керемет өткізуге өз септіктерін тигізді.

Балалармен бірге барып келе жатқан Айғаным Өмірханқызы лагерьдің балалар көңілінен шыққанын айтады.

 -Бұл лагерьдің көрсетер қызығы мен ондағы тәлімгерлердің берер тағылымы көп болды. Балалар уақыттарын өте тиімді өткізді. Табиғатына көз тоймайтын таулы Үлбідегі демалыс, біздің талабы таудай талантты балаларымыздың дарынын одан әрі дамыта түсуге өз септігін тигізді, – деп, өз пікірін білдірді.

 Әдемі  көңіл  күймен  шыққан  тәрбиеленушілеріміз   «Остров»  резиденциясында  дайындалған  керемет   кешкі  асқа  барды. Балалар  ән  салды,  би биледі,  «Үміт»  балалар  үйінің  сыйлығына  ие болды.

Қайтар жолда Семей қаласы қарсы алып, балаларға дайындаған сыйлықтарын ұсынып, қимас сезіммен шығарып салды.

Осы орайда, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне, Күршім ауданының, Ұлан ауданының, Семей қаласының әкімшілікітеріне, облыстық білім басқармасына, сонымен қатар «Үміт» балалар үйінің қызметкерлеріне, Майра Баймуханқызына зор алғысымызды білдіреміз!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<