Жаза өтеу тәртібін бұзған 6 азамат түзеу мекемесіне жіберілді

508

0

Қазіргі таңда қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде 600-ге жуық сотталған есепте тұр. Олардың ішінде кәмелет жасқа толмағандар мен әйел азаматшалар да бар. Пробация қызметінің есебіндегі сотталғандардың қоғамда өзін шет сезінбей қалыптасуы үшін, өмірге деген құлшынысын арттырып, жігерлендіру мақсатында пробация қызметкерлері ұдайы профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Күнделікті есептегі азаматтардың мекенжайынан  тексере отырып, жаза өтеу тәртібі мен олардың міндеттерін түсіндіріп,  әлеуметтік көмектер қажет болған жағдайда тиісті жергілікті органдармен көмек беріледі. Осындай жүргізілген профилактикалық жұмыстарға қарамастан жаза өтеу тәртібін өрескел бұзатын сотталғандар кездеседі.

– Есептегі азаматтар арасында сот жүктеген міндеттерді орындамай, тәрбиелік жұмыстардан нәтиже шығармай, пробация инспекторларының ескертулеріне құлақ аспаған азаматтарды пробация қызметінің ұсынысы негізінде сотқа жолданады. Сот қаулысымен жазасының өтелмеген бөлігі  бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, жазасын одан әрі өтеу үшін түзеу мекемесіне жіберіледі. Есептегі азаматтардың барлығы бірдей емес, бірі түзелу жолына түсіп, енді бірі жеке кәсіп ашып, өзін де өзге азаматтарды да жұмыспен қамтып отыр. Жыл басынан Қызылорда  қалалық пробация қызметімен пробациялық бақылауға алынған 15 сотталған  жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзғаны үшін жазалары бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстыру үшін сотқа ұсыныс жолданған. Сот қаулысымен алты сотталғанның жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын айыруға ауыстырылып, түзеу мекемесіне жіберілді. Ал қалған сотталғандардың іс-құжаттары сотпен қаралуда. Жалпы, жазаның өтеу тәртібін бұзу-бас бостандығынан айыруға апаратын бұл жағдай есепте тұрған басқа да сотталған азаматтарға сабақ болады деп үміттенеміз, – дейді қалалық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Жалғас Есмаханов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<