Жаздың алғашқы күндері 35 градус аптап ыстық келеді

408

0

Фото: Pexels

Қазгидромет синоптиктері 1-3 маусым аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады.

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Көптеген өңірлерде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Тек еліміздің оңтүстік-батысында ғана жауын-шашын жаумайды. Температуралық фонға келетін болсақ, жаздың ықпалы барынша сезіле бастайды.

Республиканың солтүстігі мен орталығында ауа температурасы бірте-бірте жоғарылап, 17-27 градусқа жетеді, ал елдің оңтүстігінде плюс 27-35 градусқа дейін көтеріледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<