Жазушыға құрмет көрсетті

16518

0

Шиелі ауданының «Құрметті азаматы», журналист, жазушы облыстық «Сыр бойы» газетінің меншікті тілшісі қызметін атқарған Нұрмахан Елтай – 70 жаста.

Бүгін Шиелі аудандық орталық кітапханасында Шиелі ауданының «Құрметті азаматы», Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Нұрмахан Елтайдың 70 жас мерейтойына орай кездесу кеші өтті.

Жазушыға құрмет көрсетті

Кездесу кешіне аудан әкімінің орынбасары Алмат Алдабергенов, зиялы қауым өкілдері мен жас жеткіншектер қатысты. Алғы сөз алған Алмат Алдабергенов мерейтой иесін 70 жас мерейтойымен және де «Шарайна Сейхун» газетінің 10 жылдығымен құттықтап, қазақтың қара домбырасын сыйға тартты. Мұнан соң, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмаил Нұрмахан ағамызбен болған естеліктерге тоқталды. Келесі кезекте жас жеткіншектер мерейтой иесіне өздерін толғандырған түрлі сұрақтарын қойып, қызықты жауаптар алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<