Жазғы Азия ойындарына Қызылордадан 13 спортшы қатысады

322

0

Жазғы Азия ойындарына Қызылордадан 13 спортшы қатысады Қазіргі таңда қызылордалық спортшылар 18 тамыз-2 қыркүйек аралығында  Индонезияның Джакарта қаласында өтетін XVIII жазғы Азия ойындарына дайындалуда. Аталмыш спорт ойындарына қатысатын спортшылар 6 спорт түрінен  бақтарын сынайды.
Атап айтсақ, байдарка және каноэде есуден Мерей Медетов,  каратэ-додан Мөлдір Жаңбырбай, таеквондодан Айнұр Есбергенова, белбеу күресінен Арайлым Қанзада,  Нұрлыбек Алдабергенов, стенд атудан Максим Коломоец, гандболдан  Дана Әбілда, Мария Пупченкова, Татьяна Давыдова,  Наталья Ильина, Жаннат Әйтенова, Виктория Колотинская, Вероника Хардина қатысады.
Айта кетейік, 2014 жылы Кореяның Инчхон қаласында өткен XVII Азия ойындарында ауыр атлетикадан Алмас Өтешов күміс жүлдені иеленсе, гандболдан Евгения Цупенкова, Виктория Колотинская, Наталья Ильина Қазақстан құрама сапында өнер көрсетіп, қола жүлдені иеленген болатын.
Азия ойындары 1951  жылдан бері әр төрт жылда Азия мемлекеттері арасында өткізіліп келеді. Джакартада өтетін Азия ойындарында 462 медальдар жиынтығы сарапқа салынады.  Қазақстаннан 419 спортшы спорттың  38 түрінен  жарыс жолына шығады.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<