Жәдігерлерді тамашалады

395

0

Жәдігерлерді тамашалады Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымы Шиелі ауданындағы музейлеріндегі жәдігерлерді тамашалады.
 Қазіргі жаһандану заманында әрбір ұлттың өзінің ұлттық рухани болмысын іздеуі – заңдылық. Ұлттық сана сілкінісін тудырар Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы – келешекке айқын бағыт сілтейтін құнды құжат.
Осы ретте алдымен Департамент қызметкерлері «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы аясында жалпыұлттық маңызға ие – Оқшы Ата кесенесінде жүргізілген жаңғырту жұмыстарымен танысты.  Оқшы Ата кесенесі – көне заманнан бері келе жатқан тарихи құндылықтардың бірі. Архитектурасы ІX-X ғасырдан бас¬талады.
Одан соң олар Шиелі ауданы, Ыбырай Жақаев аулында Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейінің жәдігерлерін тамашалады. Аталмыш музей 1978 жылдан 1982 жылға дейін облыстық тарихи-өлкетану музейінің Шиелі ауданындағы филиалы негізінде жұмыс жасады. Ал,  1982 жылдан бастап Ыбырай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейі ретінде халыққа қызмет көрсетіп келеді. 2008 жылы ауылдың шаруашылық төрағаларының және ақсақалдарының келісімімен және қолдауымен ауыл орталығындағы бұрынғы екі қабатты шаруашылық кеңсесі музей есебіне қайтарымсыз беріліп, музей қайта жаңғыртылды. Бүгінгі күнге музей қорында 9472 дана экспонат бар.
Мұнан соң Департамент мамандары Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейіндегі экспонаттарды тамашалады. Бұл музей 2017 жылы Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейі ретінде ашылып, құнды кітаптарды, картиналарды, тарихи құжаттарды, материалдық мәдени заттарды ерікті түрде табыстау акциялар өткізіліп, тарихи мәліметтер мен көне жәдігерлер жинақталды. Қазіргі күні музейге өлкенің тарихынан сыр шертетін 1 мың 500-ге жуық экспонаттар қойылған.
Шиелі ауданындағы музейлер жәдігерлерін Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 30 қызметкер тамашалады.          
Қызылорда облысының  
Төтенше жағдайлар департаменті
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<