Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Департамент бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау полковнигі А.Төлешевтің төрағалығымен ішкі істер органдарындағы тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі туралы жедел кеңес өткізілді.
Кеңесте Департаменттің құрылымдық және ведомстволық бағыныстағы мекемелерінің басшылары мен мамандары, қалалық және аудандық төтенше жағдайлар бөлімдері және басқармалары, өрт сөндіру бөлімшелерінің басшылары қатысты.
Кеңес барысында ішкі істер органдарындағы тәртіптің жай-күйі туралы ІІМ және ТЖК шолуы таныстырылды.
Сонымен бірге, кеңес төрағасы Департаменттің қызметін жетілдірудің нақты бағыттарын белгіледі, жеке құрам арасындағы сыбайлас жемқорлықты болдырмау, заңдылық пен тәртіпті нығайту жөнінде жүйелі шаралар қабылдауды тапсырды.
Қызылорда облысы ТЖД
Кадр жұмысы бөлімі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<