«Жедел жәрдем шақыр дедім»: шымкенттік көріпкел сотта жауап берді

483

0

Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында көріпкелден жауап алынды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол Бишімбаевты 1,5-2 жылдан бері анасы арқылы білетінін жеткізді.

«Екі айда бір рет қоңырау шалып, жұмысы, кәсібі туралы сұрайтын. Мен тарологпын, ол бірдеңе білгісі келсе, «қарап көріңізші» деп жүгінетін», – деді көріпкел.

Сонымен қатар, ол оқиға болған күн туралы айтты.

«Ол хабарласты. Нақты уақыты есімде жоқ. Менің қолым бос емес еді. Бірақ тұтқаны көтердім. Ол «Салтанат екеуміз қатты мас болып, төбелестік» деді. Бұл шамамен түстен кейінгі уақыт еді. 15.00-16.00 еді. Оның ішімдік ішкені байқалып тұрды. Қатты мән бермедім. Ол «қарап беріңізші» деді. Мен «дәрігерге хабарлас, жедел жәрдем шақыр» дедім. Ол «қайта-қайта қарап көріңізші» деді. Өте қысқа әңгіме болды. 30 секундтай. … «Кеше қатты ішіп, қатты төбелестік» деді. «Мен не істейін?» дедім. Дауысы күндегідей емес еді, әр сөзін таңдап айтты. Мен «жедел жәрдемге хабарлас» дедім», – дейді куәгер.

Сонымен қатар, көріпкелдің сөзінше, Бишімбаев Салтанаттың ұйықтап жатқанын, қорылдап жатқанын айтқан. Сондай-ақ, қозғалмайтынын, тұрмайтынын, ештеңе ішіп-жемегенін жеткізген.

Куәгер Бишімбаев жеке қарым-қатынасына қатысты мәселеде, отбасылық тақырыптарда психолог көмегіне жүгінгенін айтты.

«Өте әдемі екенін, оны сүйетінін айтты (Бишімбаев Нүкенова туралы – еск.)», – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында ол кеңес алу үшін жиі жүгінген көріпкелден жауап алынатыны белгілі болды. Судья айыптаушы тараптың өтінішін қанағаттандырды.

Прокурор Бишімбаевтың пәтерінен қан көрген үй қызметшісінен, Нүкенова қайтыс болған күні Бишімбаев кездескен блогер Гүлнар Насырбековадан, сондай-ақ, көріпкел Гүлнара Ережеповадан жауап алу туралы өтінішін жеткізді. Прокурор үй қызметшісі мен көріпкелден онлайн режимде жауап алынатынын мәлімдеді. Судья өтінішті қанағаттандырды.

Салтанат қайтыс болған түні Қуандық Бишімбаевпен кездескен блогер сотқа келді.

22 сәуірде өткен сот отырысында Қуандық Бишімбаев ісі бойынша алқабилерді сюжетте көрсетіп жіберген КТК телеарнасына қандай жаза қолданылғаны белгілі болды.

Бишімбаевты ұстаған полицейге қызметтік тергеу жүргізіледі

Қуандық Бишімбаевтың сот отырысына ресейлік журналист Ксения Собчак келді.

Сонымен қатар, сот отырысында басты айыпталушы Бишімбаевтың ұялы телефоны қарала бастады. Бишімбаев құпиясөзді айтып, ұялы телефон судьяға берілді. Судья Айжан Құлбаеваның өзі Бишімбаевтың ұялы телефонын сот талқылауы аясында зерттеді. Оған қоса телефоннан суреттер мен видеоларды қарады.

17 сәуірде өткен сот отырысында судья Айжан Құлбаева Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты мәскеулік мамандар жүргізген сараптама нәтижесін іс материалдарына қосу туралы өтінішті қанағаттандырмады.

Сонымен қатар, Cалтанат қайтыс болған бөлмеде оның саусақ іздері табылмағаны белгілі болды.

Бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың анасы сотта сөз сөйлеген болатын. Ол ресейлік сарапшының шешімін іс материалдарына қосуды қолдауды сұрады.

Бұған дейінгі сот отырысында қылмысты жасырып қалды деп айыпталып отырған Бақытжан Байжанов сөйледі. 

10 сәуірде өткен сот отырысында Бишімбаевтың адвокаттары Нүкенова қабырғадағы кірпіш қалауына соғылып жарақат алғанын мәлімдеген болатын. 

Сонымен қатар, сот отырысында прокурор Айжан Аймағанова Салтанаттың құрбысымен диалогын оқып шықты.

Бишімбаев туралы не белгілі: экс-министрдің иелігінде не бар?

Сотта Салтанат Нүкенова мерт болған vip-бөлмеде табылған заттар көрсетілді. 

9 сәуірде өткен сот отырысында Салтанат Нүкенова қаза тапқан түні мейрамханада жөндеу жұмыстарын жүргізген қызметкер сотта куәгер болды. Сот отырысында жөндеу жұмыстарын жүргізген қызметкер мен мейрамхана әкімшісінің диалогы жарияланды. 

Сонымен қатар, сот-медициналық сараптама маманы Тахир Халимназаров Салтанат Нүкенова қандай жарақаттар алғанын манекенде көрсетті.

Бишімбаевқа қатысты сот отырысында сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров марқұм Салтанат Нүкенованың денесіндегі жарақаттар туралы айтты. Сарапшының сөзінше, Нүкенованы қолымен қылғындырған болуы мүмкін. Мұны оның денесіндегі жарақаттар көрсетеді. 

«Сотталушының телефоны». Бишімбаевтың сотында ұялы телефон шырылдады

Бишімбаев Салтанат көз жұмар алдында да жедел жәрдемге емес, балгерге хабарласқан

Өз-өзіме қол жұмсасам дұрыс болады деп ойладым – Бишімбаев

«Былай айт, былай айт» деп жатыр. Байжанов Бишімбаев өзіне қысым жасап жатқанын мәлімдеді

Сотта Бишімбаевтың Нүкенованы ұрып-соққан видеосы көрсетілді

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<