Жеке куәлік мерзімі өтсе, қайда хабарласу керек?

1383

0

Төтенше жағдай мерзімінде 9 мыңнан астам қызылордалықтардың жеке куәлік мерзімі өтіп кеткен. Ішкі істер органдары өз тараптарынан ол азаматтарға ешқандай айыппұл салынбайтынын жеткізген болатын. Тұрғындар жеке куәліктерін 10 шілдеге дейін ауыстыруға мүмкіндіктері бар.

18-20 мамыр аралығында облыс бойынша ХҚО-ға 3 мыңнан астам тұрғын жеке куәліктерін ауыстыруға құжат тапсырған.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филалы көші-қон басқармасы және облыстық білім басқармасымен бірлесіп, карантин уақытында куәлік мерзімі өткен соғыс ардагерлерінің, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың үйлеріне барып, құжаттарын рәсімдеуге көмек көрсетті.

Енді жеке куәлік мерзімі өткен зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар 1414 байланыс орталығына хабарласып, электронды өтініш білдіре алады. Өтініш түскеннен соң мамандар үйлеріне барып, құжаттандыру жұмыстарын жүргізетін болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<