Жеке күзет субъектілерімен бірлескен шаралар жүргізілуде

354

0

Жеке күзет субъектілерімен бірлескен шаралар жүргізілуде Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті басшылығының ұйымдастыруымен қала көлемінде күзет қызметінің барлық түрімен айналысатын жеке күзет ұйымдары басшылары және департамент басшылығының қатысуымен  жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында соңғы  уақытта қарақшылық, тонау және бөтен мұлік ұрлығының  орын алуы нысандардың техникалық бекіністерінің осалдығынан, яғни қазіргі жаңа заманауи қауіпсіздік қондырғылармен, бейнебақылаумен толық  жабдықталмағаны және жеке күзет ұйымдарының күзетімен  толық қамтамасыз етілмеуінен екендігі сөз етілді.

Облыс аумағында орналасқан көңіл көтеру орындары мен қонақ үйлердің әкімшілігі немесе  жеке күзет ұйымдарының күзетшілері мекеменің мүддесіне қатысты жағдайлардан (есепшотты төлемеу, мүлікті жою немесе бүлдіру) басқа, жасалған қылмыстар туралы уақытылы ішкі істер органдарына хабарламауда. Мәселен, қала орталығында орналасқан қонақ үйлердің бірінде бір топ азаматтар жанжалдасып, бұзақылыққа жол берілген, оқиға жөнінде аталған нысанды күзетке алған жеке күзет ұйымының күзетшісі полицияға хабарламаған.

Қазақстан Республикасының 19 қазан 2000 жылғы «Күзет қызметі туралы» Заңының 8-бабында, күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектiлер мемлекеттiк органдарға заңдармен жүктелген мiндеттердi орындауда осы мемлекеттiк органдарға жәрдемдесуге мiндеттi деп көрсеткен.

Сонымен қатар, ҚР 28.12.2017 жылы №127-VI Заңымен ӘҚБтК-нің 470 бабына өзгеріс енгізілді, яғни  ҚР ӘҚБтК-нің 470 бабының 1-1 бөлігінде: Жеке күзет ұйымдарында күзетші қызметінде жұмыс істейтін жұмыскерлердің дайындалып жатқан не жасалған қылмыстар туралы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, не аумағында қару, оқ-дәрілер және жарылғыш заттар бар күзетілетін объектілерден күзет дабылының қосылғаны туралы өздеріне белгілі болған фактілерді жасыру, сол сияқты Ішкі істер органдарын хабардар етпеуі- жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), сол сияқты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықты жоймау –  қызметіне тыйым сала отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Алдағы уақытта, түнгі мекемелерде жасалған жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың санын төмендету мақсатында жеке күзет ұйымдарының басшыларына күзетілетін нысандарда  орын алған қылмыс  фактілерін жасыру, сол сияқты ішкі істер органдарын хабардар етпеуге байланысты  күзетшілер тарапынан кемшіліктер анықталған жағдайда  күзет қызметіне берілген  лицензия кері қайтарылып алынатындығын ескерту жайлы түсіндірме  жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, күн тәртібіндегі мәселе бойынша қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алуға ішкі істер органдары қызметкерлерімен бірге  жеке күзет субъектілерімен бірлесіп іс-шаралар өткізуге, яғни «Құқықтық тәртіп» күшейтілген  іс-шаралары кезінде полицияның кешенді күштері қатарына жеке күзет субъектілерінің күзетшілерін қатыстыру жайлы қызу талқыламалар жүргізілді және көкейкесті сауалдарға ортақ жауаптар алынып, бірқатар тиімді шешімдер қабылданды.

                    Қызылорда ОІІД  Баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<