Жеке құрам тапанша атудан оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізді

959

0

Жеке құрам ату тәсілдерін меңгеріп, оның ережелерін білуі қажет. Яғни олар жыл бойғы кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығы сабақтарынан алған білімдері мен дағдыларын іс жүзінде қолдана алуға міндетті. Өйткені олардың кәсіби даярлығына байланысты, сыныптық біліктілігі беріледі.


Міне, осыған орай, Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінің кадр саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен жеке құрам арасында тапанша атудан оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді.

Оқу-жаттығу ҚР ІІМ-нің бұйрығы негізінде тоқсан сайын жүргізіледі. Ату кезінде, қызметкерлердің «Макаров» тапаншасын дұрыс қолдана білуі, нысанға дәл тигізу мен оны пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларына мұқият болуларына ерекше назар аударылды. Тапаншадан ату бойынша тәртіп сақшылары норматив бойынша нысанаға дәл тигізіп, мергендігі мен кәсіби шеберлігін дәлелдей алды, – дейді кадр саясаты бөлімінің кәсіби қызметтік және дене даярлығы жөніндегі аға инспекторы, әділет лейтенанты Айбек Мулдашов.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<