Желі Еркеш Хасенге бойкот жариялады

49

0

Фото: Zhuldyzdy News

«Қөзің әдемі» әнімен танылған әнші Еркеш Хасен әлеуметтік желіде қызу талқылауға түсті. Желі қолданушылары әншімен және актриса Жанель Серғазинамен әріптестік орнатқан брендтер мен компанияларды олармен ынтымақтастықты тоқтатуға шақырып жатыр.

Қоғамдық резонансқа өнер иелеріне қатысты тараған жеке өмірге байланысты мәліметтер себеп болды. Threads және өзге де платформаларда Еркеш Хасеннің отбасылы бола тұра Жанель Серғазинамен көңіл қосқан деген мазмұндағы жазбалар көбейген.

Желі қолданушылары бұған дейін «Қызым» атты әнін арнап, әкелік әрі отбасылық құндылықтарды насихаттаған әншінің әрекеті оның сахнадағы бейнесіне сай келмейді деп сын айтуда. Көпшіліктің пікірінше, жария образ бен жеке өмірдегі қадамдардың арасындағы алшақтық қоғам наразылығын күшейткен.

Желі Еркеш Хасенге бойкот жариялады

Қазіргі уақытта Еркеш Хасен де, Жанель Серғазина да бұл жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Соған қарамастан, әлеуметтік желіде оларды «канселлингке» ұшыратуға үндейтін жазбалар таралуын жалғастырып отыр.

Сонымен қатар, желіде әншінің жұбайына жақын құрбысы екені айтылатын адамның жазбасы пайда болып, ол жарияланып жүрген ақпараттарға жанама түрде негіз болуда деген пікірлер айтылуда.

Айта кетейік, Еркеш Хасен мен Жанель Серғазина бұған дейін «Егіз лебіз» жобасына бірге қатысқан.

Желі Еркеш Хасенге бойкот жариялады