Видеодан алынған кадр
Желіде Түркиядағы жер сілкінісінен кейін Хатайда жер қыртысы жарылысының биіктіктен түсірілген видеосы жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео Алтынезю қаласынан алыс емес жерде түсірілген.
Жер сілкінісі салдарынан зәйтүн тоғайы бірнеше бөлікке бөлініп кеткен. Тектоникалық жарылыстың тереңдігі 30 метр шамасында, ені – 200 метр. Жарылған жердің ұзындығы 200 шақырымға жуық.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<