Желіде мүгедектер арбасында отырған ҚТЖ экс-басшысының суреті тарады

632

0

Желіде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының экс-басшысы Сауат Мыңбаевтың мүгедектерге арналған арбада отырған фотосуреті тарады деп хабарлады turkystan.kz.

Inbusiness.kz сайтының мәліметінше, Сауат Мыңбаев Түркияның Измир қаласында өткен қызының тойына барған. Фотода ол мүгедектерге арналған арбада отыр.

Еске сала кетсек, 2021 жылы «Қазақстан темір жолының» сол кездегі төрағасы Сауат Мыңбаев спортпен шұғылдану кезінде омыртқасынан жарақат алып, ауруханаға түскен.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының төрағасы Сауат Мыңбаев спортпен шұғылдану кезінде жарақат алды. Қазіргі уақытта емделіп жатыр. Денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ», – делінген хабарламада.

Көпшілік оның бел омыртқасын спорт кезінде сындырып алғанына күмәнмен қараған.

Айта кетсек, Сауат Мыңбаев Қазақстан темір жол компаниясын 2018 жылы басқарды. Сондай-ақ, Президент Әкімшілігінің басшысы, вице-премьер, Ауыл шаруашылығы министрі, Энергетика министрі, Индустрия және сауда министрі сынды лауазымды қызметтерді атқарды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<