Желтоқсан құрбандарын еске алуға арналған турнир өтті

607

0

Бүгін Қазалыда Желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алуға арналған кіші футболдан аудандық ашық турнир өтті.

Турнирге Қазалы және Арал аударынан келген 7 команда қатысып, өзара бақ сынасты.

Доп додасы басталмас бұрын аудандық Жанқожа батыр мешітінің бас имамы Берік қажы Сүлейменов Желтоқсан оқиғасы құрбандарына бағыштап құран оқыштады.

Мұнан соң аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов құттықтау сөз сөйлеп, ізгі лебізін жеткізді.

Турнирдің ашылу салтанатында Желтоқсан оқиғасына қатысушы жерлесіміз Оңдаш Жұмашұлы да сөз сөйлеп, турнирді ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.

Жарыс қорытындысы бойынша «1001 ұсақ» командасы жеңімпаз атанды. Ал, «Жаңа ауыл» Арал ауданы мен «Авангард 2» командалары екінші, үшінші орындарды өзара бөлісті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<