Желтоқсан айының ортасында ғана қар жаууы мүмкін

258

0

«Қазгидромет» Қызылорда филиалы мамандарынан алынған мәлімет бойынша осы жылдың желтоқсан айының ауа-райы болжамын назарларыңызға ұсынамыз.
«Жауын-шашынның айлық мөлшері облыстың басым бөлігінде мөлшерден көп, ал кей жерлерде мөлшер шамасында болады».
Желтоқсан айының бірінші онкүндігінің басында және соңында, екінші онкүндікте кей жерлерде жиірек жауын-шашын, көктайғақ күтіледі.
Екінші онкүндіктің соңында және үшінші онкүндікте кей жерлерде қар болуы ықтимал.
Бірінші онкүндіктің ортасында және үшінші онкүндіктің басында кей жерлерде тұман күтіледі.
Сондай-ақ, екінші онкүндіктің соңында кей жерлерде солтүстік-батыс бағытынан соғатын жел 15-20 м/с, үшінші онкүндіктің соңында оңтүстік-батыс бағытынан соғатын жел 15-20 м/с күшейеді.
Сонымен қатар, бүгінде Сырдария өзенінің Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарында мұзды жағдай қалыптасқан, оңтүстік аудандар мұз құрсауынан таза. Гидрологиялық болжамға сәйкес, Қызылорда қаласының төңірегінде мұз сеңнің қалыптасу процесі 8-18 желтоқсан аралығында, ал орнауы 21-29 желтоқсан аралығы болуы ықтимал.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<