«Желтоқсанның 16 күні» деректі фильмі көрсетіледі

297

0

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы Тәуелсіздік күніне орай арнайы жоба – «Желтоқсанның 16 күні» атты деректі фильмін дайындады.

Архивтік құжаттар мен нақты деректерге негізделген фильм еліміздің тарихи кезеңі – Қазақстан Респубикасының Тәуелсіздікке қол жеткізуіне арқау болған, 1991 жылдың желтоқсанында орын алған саяси оқиғаларды баяндайды.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің эксклюзивті сұхбатында КСРО мен басқа да Кеңестік республикалардың басшылары арасындағы қарым-қатынасы, сол кезеңдегі негізгі оқиғалар мен Қазақстанның алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық және ішкі саясаттың күрделі міндеттері туралы естеліктерімен бөлісті.

«Желтоқсанның 16 күні» арнайы жобасының жетекшісі Дәурен Абаев, фильм авторы Ерлан Қарин, режиссері Дмитрий Богомолов, монтаж режиссері Айзатулла Хуссейн.

«Желтоқсанның 16 күні» деректі фильмі 18 желтоқсан күні 21:30-да «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасында көрсетіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<