Желтоқсанның 19-на арналған ауа райы болжамы

191

0

Синоптиктер желтоқсанның 19-на арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасай отырып.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда Қазақстанда ауа райы әлі де құбылмалы болады. Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын, тек еліміздің батысы, солтүстік-батысында ғана күн жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді. 

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Таңертең және күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Ақмола, Түркістан, Жамбыл облыстарының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшеюі мүмкін. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын болып, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ болуы ықтимал. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлеріне тұман түседі.

Алматы облысының бірқатар аумақтарында көктайғақ болады.
Күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<