Жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтар 10 миллион теңгеге дейін алуы мүмкін

195

0

Енді жаңа жүйе бойынша жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтар параның 10 пайызы мөлшерінде сыйақы ала алады. Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы агенттіктің төрағасы Алик Шпекбаев айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
 Шпекбаевтың айтауынша, мұндай шешім таяуда үкіметте қабылданған.  «Енді сыйақы мөлшері ЭЫДҰ елдеріндегідей белгіленеді. Жемқорлық жайлы хабарлаған адам айыптау үкімі шыққан соң параның 10 пайызын ала алады», – деді ол. Шпекбаев сыйақы мөлшері 10 миллион 600 мың теңгеге жететінін айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<