Жемқорлық – жаһан дерті

379

0

Жемқорлық – жаһан дерті Жұма күні №101 мектеп-лицейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қалыптастырудың жиырма жылдығына орай жемқорлықтың алдын алу, оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды азайту мақсатында мектеп оқушыларымен кездесу өтті.
Алғашқы сөз мектеп-лицей директорының орынбасары Жадыра Түлкібаеваға берілді. Ол өз баяндамасында Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» №986 Жарлығының талаптарын түсіндіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері және олардың өкілеттіктері, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарын жою туралы айтып өтті.
Жиынға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Нұғман Үсенұлы қатысып, аталмыш дерттің мемлекетке келтіретін залалы туралы оқушыларға дәріс оқыды.
Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған кездесу қасушылардың көкейтесті сұрақтарымен жалғасын тапты.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<