Жемқорлықтың алдын алу – қоғамдық іс

195

0

 Облыстық ішкі саясат басқармасы мен  «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен  сәуір-қараша айы аралығында қала мен аудан орталықтарында сыбайлас жемқорлықтың, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша сұхбат алаңдары өткізілді.

Оған мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік сала мамандары, үкіметтік емес ұйым  өкілдері қатысты. Ауқымды шарада жемқорлық көріністерінің алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа жол берген жағдайдағы жауапкершілік жайы сөз болып, қатысушылар өз ұсыныстарын тиісті мемлекеттік мекемелерге ұсынды. Сонымен қатар ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеу жөніндегі зерттеу орталығы басшысының орынбасары Ержан Жаров, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев, Қызылорда облысы бойынша арнайы мониторингтік топтың жетекшісі Анар Ізден мен қор директоры Жандос Тұсмағамбетов  маңызды мәселеге қатысты орамды ойын ортаға салды.

М.СНАДИН.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<